С.Кулагин: Жанашырлық, отбасылық құндылықтарды сақтау - мемлекетіміздің іргетасы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Православ шіркеуі көптеген елдерде халықтың руханияты мен мәдениетіне тіреу болған тарихи дәстүрлерін және христиан дінінің ақиқатын сақтау жолында абыройлы іс атқаруда.
Біртұтас елдің бірегей сан ғасырлық баймұрасына сүйене отырып, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға бар күшімізді салудамыз. Қазақстандықтардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарының арқасында бірнеше діннің өркен жаюына мүмкіндік туып отыр.
Жақыныңа деген махаббат, кез-келген адамға жанашырлықпен қарау үлкендерді құрметтеу мен отбасылық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау - мемлекетіміздің аяққа нық тұруының іргетасы.
Руханиятымызды, мәдениетімізді, қасиетті Отанымыздағы өзара түсіністік пен келісімді одан әрі нығайту үшін біз өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді көптеп сіңіруіміз қажет. Осы орайда, православиелік дәстүрдің жанданып келе жатқаны қуантады. Өткен жыл ақмолалықтар үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі ретінде Митрополит Александрдың біздің өлкеге келіп, жаңа шіркеу салынатын орынды қасиетті сумен аластау рәсімін өткізгенін айта кетуге болады.
Құрметті жерлестер! Христостың туған күні - Рождество мерекесі 2016 жылға жоспарлаған барлық мақсат-міндеттерімізді жүзеге асыруға күш берсін! Биылғы жыл өңіріміздің экономикалық әлеуеті артып, халықтың тұрмысы жақсаратын берекелі жыл болатынына нық сенемін.
Сіздерді осы айтулы мерекемен құттықтай отыра, барлықтарыңызға шын жүректен денсаулық, бақыт, үміттеріңіздің ақтала беруін тілеймін. Армандарыңыз әркез орындалып, жүздеріңізден қуаныш кетпесін. Отбасыларыңызда әрқашан молшылық, тыныштық пен бейбітшілік орнығып, ағайын-туыстарыңыз аман болсын!