С.Лавров: ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің декларациясы - Қазақстан төрағалығымен алынған лайықты шың

МӘСКЕУ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейлік тарап Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі бойынша жұмысын жоғары бағалайды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ТМД мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің бейресми отырысы кезінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты.

«Мен қазір ғана ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлын ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитін тамаша дайындауымен және жоғары деңгейде өткізгенімен құттықтадым. Бұл шара өте маңызды құжат - Ұйымның барлық мүшелерінің қазіргі заманның көкейкесті мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымын көрсететін ҰҚШҰ Декларациясын қабылдаумен аяқталды», - деп атап өтті СІМ-нің басшысы.

«Мен осыны Қазақстан төрағалығы арқылы бағындырып алған кезекті лайықты шыңымыз деп ойлаймын», - деп мәлімдеді С.Лавров.

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2011 жылғы желтоқсандағы сессиясында Ұйымға төрағалық ету Қазақстанға өтті.

Соңғы жаңалықтар