С.Оразалы: Әрбір қазақ өзінің тілі үшін күресуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір қазақ өзінің тілі үшін күресуі тиіс. Бұл пікірді бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттілік және тіл» атты дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалы білдірді.
None
None

«Қазақ тілін дамытудың екі ғана жолын білемін. Біріншіден, баланың санын көбейтуіміз керек. Яғни, санымызды арттыру қажет. Жан-жақтағы қазақтарды жинауға және басқа ұлттарды өз қатарымызға сіңіруге тиістіміз. Екінші жолы - тіл. Тілді халық жасайды. Тіл үшін ана отырған комитеттің төрағасы, не болмаса министр немесе тіл саласында еңбек ететін адамдар ғана жауапты деуге болмайды. Әрбір қазақ өзінің тілі үшін күресуі тиіс. Сонда ғана біз өз мұратымызға жетеміз», - деді С.Оразалы.

Ал Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев қазақ тілінің рухани-ұлттық, қоғамдық-саяси басымдығы жайында кеңінен сөз қозғады.

«Біз Қазақстанда қалыптасқан мемлекет құрдық. Қалыптасқан мемлекеттің қалыптасқан тілі болуы керек. Бұл заңды құбылыс. Мемлекеттің рәміздері туы, елтаңбасы, әнұраны секілді мемлекеттік тіл де елдің ең басты рәміздерінің бірі деп есептеймін», - деді ол.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР Парламентінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, қазақ мемлекеттілігінің тарихы, мәдени рухани мұралары бойынша құнды әрі өзекті материалдар жинап жүрген белгілі тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер қатысты.

Соңғы жаңалықтар