S& P болжамына сәйкес Францияның несиелік рейтингі нашарлады
АСТАНА. KAZINFORM — Standard & Poor’s (S& P) халықаралық рейтинг агенттігі Францияның егемен несиелік рейтингісіне қатысты болжамды қайта қарады, бұрын тұрақты болған рейтинге енді теріс болжам жасалып отыр. Бұл туралы ТАСС жазды.
Францияның ұлттық және шетел валюталарындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді егемен несиелік рейтингтері сәйкесінше «A+/A-1» деңгейінде бекітілді.
Агенттік болжамды қайта қараудың негізгі себептері ретінде мемлекеттік қарыздың өсуін, экономикалық өсу перспективаларының төмендеуін және бюджет тапшылығын азайту бойынша саяси консенсустың болмауын атап көрсетеді.
Бұған дейін Францияның Есеп палатасының төрағасы Амели де Моншален мемлекеттік қарызға қызмет көрсету құнының одан әрі өсуі елдің егемендігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен болатын.