19:46, 08 Маусым 2011 | GMT +5
С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені түлектері орташа 116,56 балл жинады
ОРАЛ. 8 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернаты кешенінің 57 түлегі ҰБТ сынағын тапсырды.

Тест қорытындысында түлектер орташа 116,56 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Мектептен «Алтын белгіге» үміткер 12 шәкірттің 11-і, ерекше аттестаттан дәмелі 12 түлек түгелдей үмітті ақтап шықты.
85 жылдан астам тарихы бар аталмыш мектеп жыл сайын алдыңғы лектен көрініп келеді.