С.Сейфуллин атындағы дамбада қопару жұмыстары жүргізілді - Қарағанды облысы
деп хабарлады бейсенбі күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұл шара - «Алматы-Екатеринбор» тас жолы учаскесін және Шет ауданының Қызылқой ауылын төнген су басу қаупінің алдын алу үшін жасалды.
«Барлығы үш жарылыс жасалды. Бұл шараға Төтенше жағдайлар департаментінің, Абай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, Абай ауданы мен Ақбастау ауылы әкімдіктерінің қызметкерлері, «Қарағандықопаруқызметі» серіктестігінің мамандары тартылды», делінген хабарламада.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегі бойынша, өңірде 137 жасанды су қоймасы, бөгеттер мен гидротехникалық құрылғылар, 5 миллион текше метрден 319 миллион текше метрге дейін су сыятын 11 ірі су қоймасы, ұзындығы 186 шақырымдық «Қ.Сәтбаев атындағы арна» РМК бар.
Табиғатты пайдалану басқармасының алдын ала мәліметі бойынша, облыста сондай-ақ 42 проблемалы гидроқұрылғы бар. Биыл Қарағанды облысының аумағына жауған қардың көлемі жылдағы орташа деңгейдегі екі еседен асып отыр.