С.Смақовтың ұлының туған күні «Жұлдыздар соғысы» стилінде тойланды

АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстандық әйгілі футболшы Самат Смақовтың ұлы Аламгердің сегіз жасқа толған туған күні фантастикалық «Жұлдыздар соғысы» кейіпкерлерімен бірге аталып өтілді.
None
None

Бұл туралы әлеуметтік желіде айтылған. «Мақтанышым менің, қуанышым менің! Туған күніңмен! Сенің барлық тілектерің орындалсын!», - деп жазады қазақстандық футбол жұлдызы өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, 37 жастағы Самат Смақов еліміздегі ардагер футболшының бірі, ол қазіргі күні Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ақтөбе» футбол клубының капитаны. Қазақстан футболындағы бірнеше дүркін чемпион, Жыл футболшысы атақтарының иесі С.Смақовтың Алгамерден басқа Самира есімді қызы мен Данияр атты ұлы бар.
2 3

Соңғы жаңалықтар