Сабақты 07.40-та бастаған мектепті прокуратураға хабарлау керек - вице-министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Астана қаласы бойынша сабақты сағат 07.40-та бастаған мектептер туралы министрлік пен қалалық прокуратураға хабарлау керектігін айтты.

Сабақты 07.40-та бастаған мектепті прокуратураға хабарлау керек - вице-министр

«Бұған Үкіметтің қаулысы, сабақ уақытына қатысты арнайы стандарттар бар жəне бұл мəселеге байланысты прокуратура да өз ұстанымын айтты. Сондықтан, қалада сабақ уақытын сағат 07.40-та бастау туралы мəселені қарау үшін жұмыс тобы құрылған да жоқ. Яғни, барлық мектептер сабақты бұрынғыдай сағат 08.00-де бастайды»,-деген вице-министр егер қалада сабақ уақытын 07.40-қа ауыстырған мектептер болса, бұл туралы министрлік пен прокуратураға хабар беру керектігін айтты.

«Егер де осындай фактілер кездессе, бізге жəне прокуратураға хабарласыңыздар. Біз тиісті шара қолданамыз»,-деді вице-министр. Журналистердің 76-шы бала бақшаның басталуы сағат 07.40-қа ауыстырылыпты деген сауалына ол мəселені анықтайтынын айтты. Естеріңізде болса, жуырда қала əкімдігі таңертеңгі көлік кептелісін азайту үшін мектептердегі сабақты таңғы 07.40-тан бастау туралы бастама айтқан болатын. Бұған ата-аналар тарапынан наразылық туған еді.