Сәбидің өліміне байланысты Тараздағы облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері жұмыстан босатылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс прокуратурасы басқармасының бастығы Нұржан Боранбаевтың ақпараты бойынша 2008 жылғы желтоқсанда облыстық перинаталдық орталыққа бір әйел ауыр халде түскен. Екі апталық стационарлық емдеуден кейін ол жай-күйі өте әлжуаз қыз баланы босанады. Шақалаққа «туа біткен жүрек талмасы» және «Даун ауруы» деген диагноздар қойылады.
«Сәбидің жаны қыл ұшына ілініп тұрғанына қарамастан дәрігерлер оның анасының келісімінсіз, баланың адам болуы неғайбыл деген желеумен ауруханадан шығарады. Үйге келгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін сәби көз жұмады.
Қалай болғанда да орталықтың қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітілген ережені бұзған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұйрығымен бас дәрігер қызметінен босатылады, бірақ ол бұл ұйғармымен келіспей, бұйрықтың күшін жою туралы сотқа жүгінеді. Тараз қалалық сотының сәуірдің 21-індегі шешімімен ол қызметіне қайта тағайындалады.
Бұл шешімге Тараз қалалық прокуратурасы апелляциялық тәртіппен қарсылық білдіреді.
Жамбыл облыстық сотының апелляциялық алқасының қаулысымен Тараз қалалық сотының шешімі өзгертіліп, бас дәрігердің жұмысын қалпына келтіру туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты», - деді Н. Боранбаев.