Сабина Алтынбекова Ақтөбеде жаңа волейбол клубын ашпақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға танымал волейболшы, Ақтөбе өңірінің тумасы Сабина Алтынбекова журналистерге берген сұхбатында жаңа волейбол клубын ашу жоспарында бар екендігін мәлімдеген, деп жазады «Диапазон».
None
None

- Ақтөбе әкім ауысқан соң өзгерген бе?

- Ақтөбе ешқашан бір орнында тұрмаған, қала ары қарай да алға қарай қарыштап дамиды. Жастардың спортпен шұғылдануға деген ынтасы артқанын айта кеткім келеді. Бұл жақсылықтың белгісі, болашақта да көптеген адамдардың спортпен айналысатынына сенімдімін.

- Ақтөбеде ашқыңыз келетін клуб жайлы айтсаңыз.

- Бұл ер адамдар да, әйел кісілер де айналысуға болатын волейбол клубы. Сонымен қатар, әйелдер командасы үшін жоғарғы лига мен премьер лиганы құрғымыз келеді. Волейболмен айналысқысы келетін бүлдіршін қыздардың тілектерін орындап, өз клубымызды ашудамыз.

- Сіз қазір қайда ойнап жүрсіз?

- «Алматы» клубы үшін, 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ұлттық лигада.

- Сізге спортты тастап, модельдік бизнеске көшуге ұсыныс білдірді...

- Ия, мен бас тарттым, себебі мен үшін спорт бірінші орында. Мен бала күнімнен өмірімді спортпен байланыстырғым келді және менің алға қойған мақсаттарым өте көп.

Соңғы жаңалықтар