Сабыржан Аққалықов әлем кубогында чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Сабыржан Аққалықов (75 келі) чемпион атанды.

Сабыржан Аққалықов әлем кубогында чемпион атанды
Фото: ҰОК

Финалда Сабырхан үндістандық Рами Киванмен (Үндістан) қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының белсенділігі байқалды. Нәтижесінде ол қарсыласын жеңіп, әлем кубогының чемпионы атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Енді кешкі сессияда финалда Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.

Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар