Сәбит Дүйсекенов Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік етеді
АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Сәбит Дүйсекенов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сәбит Дүйсекенов 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы қызметінен бастады.
2014 жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының директоры болып тағайындалды.
Ал 2017 жылы «Кендірлі Қаясан» Мемлекеттік қорық аумағының күзет қызметінің басшысы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы, сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы қызметтерін атқарды.
2017 және 2023 жылдар аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы болып жұмыс жасаған.
2023 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарды.
Осы күнге дейін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Әсел Балманова тағайындалды.