Сабынды ауылдық округінде әлеуметтік мәселелер шешімін тауып отыр

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінде алдағы жазда ауыз су мәселесі шешімін табатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауылдық округ төрағасы міндетін атқарушы Фарида Жұмабекованың айтуынша, Елбасының жаңа Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге баса көңіл бөлініп отыр. Бүгінде аймақтағы үш ауылдың екеуінде ауыз су мәселесі бірінше кезекке қойылып, тиісті құжаттар ретке келтірілуде. Округте екі мыңға тарта адам қоныстанған. Осындағы 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 22 шаруа қожалығы, сауда орындары тұрғындардың басым бөлігін жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта ет өңдеу кәсіпорны іске қосылып, қосымша жұмыс орны ашылмақ. 40 көпбалалы отбасы, екі жүзге тарта зейнеткер тиісті қамқорлыққа алынған. Қазіргі кезде тұрғын үй, ауыл арасындағы жол, білім беру, емдеу орындарына қатысты мәселелер шешімін тауып отыр.
Соңғы жаңалықтар