16:51, 31 Мамыр 2019 | GMT +5
Сәдібек Түгел штабы киелі жерлерге автошеру ұйымдастырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің Түркістан қаласындағы сайлауалды штабы «Киелі жерлерге тағзым» атты автошеру ұйымдастырды. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кандидаттың сенімді өкілдері, Азия чемпионы Исабек Бекзат және Азиз Анетов сайлауалды тұғырнамадағы ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, көпшілікті бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Сонымен қатар, таэквондодан спорт шебері Дәулет Манапов Сәдібек Түгелдің ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі туралы әңгімеледі.
Үгіт тобы бұдан кейін Арыстанбаб кесенесіне барды. Ел ақсақалдары ақ батасын беріп, пезиденттікке үміткер Сәдібек Түгелге сәттілік тіледі. Іс-шара киелі жерлерге автошерумен жалғасты.