17:00, 03 Шілде 2024 | GMT +5
Қырғыз Президентінің борты Астанаға қонды
АСТАНА. KAZINFORM — Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді.


Елорда әуежайында Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.

Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.
ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.
