Садыр Жапаров Астанаға келді

АСТАНА. KAZINFORM —  Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Садыр Жапаров
Фото: Үкімет

Қырғызстан Президентінің борты елорда әуежайына қонды.

Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 25,2%-ға өсіп, $435,1 млн болды.  

Айта кетелік бүгін Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады

Соңғы жаңалықтар