Садыр Жапаров Қырғызстан ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен кезде басымдық беретін бағыттарды атады
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан 2025 жылы Киберқауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезекті сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров айтты.

«Келесі жылы Қырғыз Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі - біз үшін үлкен мәртебе. Осы құрметті миссияны қабылдауға дайын екенімді білдіремін. Қырғызстан төраға ретінде ұйымымыздың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсайды», - деді Қырғызстан Президенті.
Сонымен қатар ол 2025 жылы Қырғызстан қандай бағыттарға назар аударатындығын айтты.
Атап айтқанда, саяси құжаттарды қабылдау тәжірибесін одан ары қолдау жолымен сыртқы саяси өзара іс-қимылды нығайтады. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру арқылы ұжымдық күштердің дайындығын арттыру жолымен әскери құрылымдарды дамытады. Террористік және экстремистік мақсаттарға ақпараттық технологияларды пайдаланудың жолын бірлесе кесуге мән береді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігі артып келе жатқанын ескере отырып, 2025 жылы Киберқауіпсіздік бойынша халықаралық конференци өткізеді.
Садыр Жапаров сөз соңында Қазақстан тарапынан биыл ҰҚШҰ төрағалығын табысты өткізуімен құттықтады.
«Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын 2025 жылдың 4-тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізуді ұсынамын», - деді ол.