Садыр Жапаров V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Садыр Жапаров 8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келеді. Бұл туралы Қырғызстан  президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлімдеді, деп жазады Кабар агенттігі. 

Садыр Жапаров V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады
Фото: Кабар агенттігі

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттық іс-шараға 89 елден келген 3 мыңнан аса спортшы қатысады», - деді Мұратбек Әзімбақиев. 

Еске сала кетейік, құсбегілік сайысы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына алғаш рет қосылғанын жазған едік. Сондай-ақ аталған дүбірлі додада қытай қазақтары арасынан әртүрлі салмақ бойынша 8 балуан бақ сынайды. 

Айта кетсек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тұңғыш рет барлық құрлықтың өкілі бақ сынайды. Әлемдік додада спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Соңғы жаңалықтар