18:12, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Сағат 17:00-де 1 доллар 150 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) T+2 (USD_SPT) және Т+1 (USD_TOM) есептері бойынша АҚШ долларының және Т+1 (EUR_TOM). есептері бойынша еуроның кешкі саудасы аяқталды. Бүгінгі саудаға KASE-нің 8 мүшесі қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Еуроның T+1 есептері бойынша мәмілелер жасалмады. Ұсыныс пен сұраныс болмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ. АҚШ доллары бойынша T+1 есептері бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,09 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 20 800 мың АҚШ доллары болды. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар 150,00/150,20 теңгені құрады.