Елорда әуежайының жұмысы қайта жанданды
АСТАНА. KAZINFORM - Сағат 18:34-тен бастап елорда әуежайы өз жұмысына қайта кірісті, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін елорда әуежайынан барлық рейс уақытша тоқтатылып, әуежай екі сағатқа жабылғаны хабарланды. Төтенше жағдайға қатысты қала әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Жергілікті уақыт сағат 16:00-де Swissair әуе компаниясының Токиодан Цюрихке 777-300ER (ротаның борттық нөмірі HBJNI) ұшқан SVR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алу мүмкіндігіне байланысты қонуға шешім қабылдаған. Сағат 16:00-де ұшақ сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ескерту жарияланды», - деп жазды баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға байланысты әуе рейстерінің кешігуі мүмкін екені де ескертілді.
Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшып шығуға жоспарланған 81 рейстің 6-ы, ұшып келуге жоспарланған 80 рейстің 15-і кешіктірілді.
Ұшуға:
KС954 Астана - Алматы
KС7508 Астана - Шымкент
KС7334 Астана - Алматы
DV734 Астана - Алматы
KC992 Астана - Алматы
KC7094 Астана - Алматы
Ұшып келуге:
KC953 Алматы - Астана
KC7352 Семей - Астана
KC346 Өскемен - Астана
IQ400 Ақтөбе - Астана
KC206 Дубай - Астана
DV5351 Камрань - Астана
KC7091 Алматы - Астана
KC7507 Шымкент - Астана
KC7333 Алматы - Астана
KC995 Алматы - Астана
DV733 Алматы - Астана
KC7063 Алматы - Астана
IQ512 Новосибирск - Астана
KC7364 Түркістан - Астана
KC7326 Шымкент - Астана
Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады.