02:38, 05 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі әлем чемпионатында жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жалғасып жатыр.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
— Қазақстан сапынан 90 келідегі Сағындық Тоғамбай бастапқы кезеңде жергілікті спортшы Исаак Окодан жеңісті жұлып алды. Алғашқы раундта төрешілердің бүйрегі ағылшын бокшысына бұрғанымен, жерлесіміз қысымды арттырып, 3:2 есебімен жеңіске жетті, — делінген федерация таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын Элина Базарова бокстан әлем чемпионатын аяқтағанын жазғанбыз. Отандасымыз өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездесуде жеңіліп қалды.