Сағынғали Жантөре - таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

АСТАНА. KAZINFORM - Сағынғали Жантөре (65 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды.

Сағынғали Жантөре
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Қазақстандық спортшы финалда Максим Шудженкодан басым түсті. 

Сондай-ақ, үшінші жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына тағы екі қола түсті. Жасөспірім қыздар Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) үздік үштікті түйіндеді

Айта кетсек, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (61 келі) әлем біріншілігінде топ жарған еді

Дүбірлі додаға 80 елден 811 спортшы келді. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады. 

Айта кетсек, ьаэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.

Бұл шешім Бііріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен әлемдік кеңестің отырысында қабылданды.

Соңғы жаңалықтар