Сағынғазы Жұмасейіт Ақтөбе облысы қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды
Сағынғазы Жұмасейіт ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті облыстық департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазынашылық комитетінің мәліметіне сүйенсек, Сағынғазы Жұмасейіт бұған дейін осы комитетте жергілікті бюджеттер бойынша есеп беру басқармасының бас сарапшы-бас қазынашысы болып жұмыс істеген.