18:07, 15 Шілде 2017 | GMT +5
Сағынтаев Астанада стартап-хабын құруға қатысты кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Астанада стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында ІТ-саласын және ІТ-технопаркін дамыту мәселелері талқыланды.