22:00, 22 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті., деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында қатысушылар Қазақстанның ұлттық павильонын мазмұндық жағынан толтыру, қонақ үй қоры мен логистиканы даярлау мәселелерін, сонымен қатар, қонақтарды халықаралық көрмеге келу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.