Сағынтаев Қытайға қарай темір жолмен тасымалды арттыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан арқылы темір жол транзиттік тасымалдардың тек 11 пайызы Қытайға тиесілі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
None
None

«Транзиттік әлеуетті дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ, баяндамадан байқағанымыздай, тек 11 пайызы Қытайға тиесілі. Менің ойымша, бұл жұмысты ары қарай күшейту керек. Себебі, Ресей немесе Орталық Азия өңірі аясында ғана айналып жүру біз болжаған көлемнің үдесінен шықпайды»,-деді Б. Сағынтаев.

Оның сөзіне қарағанда, Қорғас порты арқылы контейнерлік тасымалдар жүріп жатыр, алайда біздің жақтан пойыздар жартылай бос күйінде қайтып жатқандығы туралы мәселе көтерілді.

«Яғни, контейнерлер жүкпен толықтай тиелмей жатыр. Осы ретте вагондар бос күйінде қайтпас үшін тиісті шараларды қарастыру керектігі талқыланды. Асқар Ұзақбайұлы, бұл мәселені бақылауға алуыңыз керек»,-деді Үкімет басшысы бірінші орынбасары Асқар Маминге қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар