Сағынтаев: Медициналық сақтандыру жұмысын атқара алмасақ, xалықтың ашуына ілігеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы xалық арасында түсіндіру жүргізуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу кезеңіндеміз. Бұл әрбір қазақстандыққа қатысты болғандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі мен жұмыс берушілер тараптарынан нақты тиімді жұмыстар жасалуы керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұмыстарды xалыққа кеңінен түсіндіруді тапсырған болатын", - деді Сағынтаев Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің сөзінше, белгілі бір жұмыстар атқарылып жатқанмен, оның белсенділігі төмен. Өткізіліп отырған жиындар xалықты аз қамтуда.

Үкімет басшысының атап өткеніндей, әлеуметтік желілерде, интернетте түсіндіру аз, сарапшыларды тарту жағы да кемшін тартып отыр.

"Былтыр өзім әдейілеп Ютубта бейнеролик қарадым. Бейнеролик жаман емес. Бірақ адамдар міндетті медициналық сақтандыру болатынын білмейтін сияқты, себебі роликті аз адам қараған. 10 айда небәрі 4 мың көрілім. Оны негізінен роликті жасаған адамдар, кімге қызық, солар қарап шыққанға ұқсайды. Бірақ көпшілік сол жұмыстың мағынасын білмейді де. Сондықтан қыруар жұмыс атқару керек. Реформаға жұмыссыздар, өзін-өзі қамтып отырғандар енгендіктен, олар үшін бұл маңызды. Егер біз бұл жұмысты құлатып алсақ, xалықтың ашуына ілігеміз. Сондықтан Денсаулық министрлігі әкімдермен бірге түсіндіру жұмыстарына назар аударуы қажет", - деді Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар