Сағынтаев: Мұнай секторында жұмысшыларды қысқартпау туралы меморандумдардың кейбірі орындалмай отыр

АСТАНА. ҚазаҚпарат - Қазақстанның мұнай секторында жұмысшыларды қысқартпау туралы меморандумдардың кейбірі орындалмай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
None
None

"Қазақстанда мұнай секторында, мұнай-сервистік салада жұмыс орындарын қысқартпау бағытында барлығы 19 мыңнан астам меморандумдар жасалған. Біз меморандумдарға қол қойғанда, басшылық алдында біз қандай керемет екенімізді көрсетіп, «меморандумдарға қол қойдық, бізде барлығы жақсы» деп есеп береміз. Қазір біз өз материалдарымыздан көріп отырмыз, кейбір меморандумдардың талаптары орындалмай отыр. Мақтан тұтқан, керемет есептерің қайда қазір? Тамара Қасымқызы (Дүйсенова - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі), осыны көздеріне айту қажет, келесі жолы мұндай "даңғаза" меморандумдар болмау үшін, қандай министрліктерде, қай өңірлерде бұл меморандумдар атқарылмай отыр, қарау керек. Біз бос сөз үшін меморандум жасап отырғанымыз жоқ. Екі тарап жұмысшылар қысқармайды деп келісті. Егер бір мәселе шықса, әкімдер мен министрліктер бірлесіп қарасын", - деді Үкімет басшысы. 

Соңғы жаңалықтар