01:22, 19 Мамыр 2024 | GMT +5
Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қалалық іріктеу турнирінде жеңіске жеткен Сахан Әбдіқасым «Қазақстан Барысында» Алматының намысын қорғайды.

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы» іріктеу турнирі өтті. Спорттық додаға қаланың 8 ауданынан 2 спортшыдан қатысты. Осылайша, бас-аяғы 16 балуан өзара кіл мықтыны анықтады. Жарыс барысында жауырыны жерге тимеген Сахан Әбдіқасым «Алматы Барысы» атанды. Үздік үштік қатарында Айбек Ізтілеуов және Сәбит Қайратбек те бар.
Айта кетейік, 28 жастағы Сахан Әбдіқасым – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының қола жүлдегері.