Сахарада қар жауды

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемдегі ең үлкен шөл саналатын Сахарада қар жауды, тіпті пальма ағаштарының арасында шанамен сырғанауға да болады. 

Сахарада қар жауды
Фото: BILD

Мұндай құбылыс бұл өңірде өте сирек кездеседі. Шамамен он жылда бір рет болады.

10 наурыз күні төмен қысым аймағы Пиреней түбегінен Солтүстік Африкаға қарай жылжып, өңірге ылғалды ауа әкелді. Синоптиктер болжағандай, бұл ауа суық ауа массаларымен түйісіп, температура нөлден төмен түсіп, қар жауды.

Сахарада қар жауды
Фото: BILD

11 наурызда қар негізінен Атлас тауларында және басқа да биік аймақтарда жауды, бірақ шөлдің шеткі бөліктерінде де байқалды. Weather.com порталының мәліметінше, дәл осы тау жоталары маңында «Жерорта теңізінен келген ылғалды ауа массалары биіктіктегі суық ауамен түйіседі», соның нәтижесінде «тіпті шөл маңында да қар жаууы мүмкін».

Алайда қар жамылғысы ұзақ сақталмайды: бүгін Солтүстік Африкада қайтадан күн ашық, температура айтарлықтай көтерілді, сондықтан жақын уақытта шөлде қар жаумайды. 

Айта кетелік Павлодар облысында қар құрсауынан 30-ға жуық адам құтқарылған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум