Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі) ширек финалға шықты.

Сәкен Бибосынов
Фото: Kazinform

Отандасымыз 1/8 финалда танзаниялық Факи Исса Факимен қолғап түйістірді. 

Жекпе-жек тартысты өтті. Екінші раундта төреші Сәкеннің нокдаун алғанын есепке алды. Одан кейін отандасымыз танзаниялық боксшының нокдаунға жіберді. Бұл үшінші раундта тағы бір мәрте қайталанды.

Осылайша Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

Енді ел құрамасынан бүгін тағы бес боксшы шаршы алаңға шығады.

  • 54 келі. Сәкен Бибосынов — Факи Исса Факи (Танзания)
  • 63.5 келі. Ертуған Зейнулинов — Хосе Мануэль Агуйрэ Круз (бейтарап елдің өкілі)
  • 86 келі. Дәулет Төлемісов — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
  • 51 келі. Даниял Сәбит — Леник Фернандес (Кабо-Верде)
  • 57 келі. Оразбек Асылқұлов — Мукело Дламини (Эсватини)
  • 71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Александр Радионов (Беларусь)

Сондай-ақ 8 желтоқсанда ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар