Сакен Бибосынов қарсыласын нокдаунға түсіріп, халықаралық турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада бокстан халықаралық «Елорда кубогі» турнирінің жартылай финал жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
Фото: sports.kz

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Сәкен Бибосынов пен 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлде иегері тайландық Танарат Саенгфет финалға шығу үшін айқасты. Төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) Бибосынов жеңіске жетті. Сонымен қатар, екінші раундта төреші тай боксшысының нокдаунға түскенін тіркеді.


Соңғы жаңалықтар