Саксонияда оқушыларға мектепте смартфон пайдалануға тыйым салынады
АСТАНА. KAZINFORM — Ақпан айынан бастап Германияның шығысындағы федералдық жерлердің бірі Саксонияда бастауыш мектептерде смартфон қолдануға тыйым күшіне енді.
Саксонияның Білім министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылынан бастап бұл шектеу 8-сыныпқа дейінгі барлық оқушы қамтылады.
Министрлікте бұл шараны 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу бастамасымен үйлестіру орынды болатынын атап өтті. Қазіргі уақытта мұндай ұсыныс Германия деңгейінде талқыланып жатыр.
Қазіргі кезде Германияның көптеген өңірінде оқушылардың смартфон қолдану тәртібін мектептердің өздері реттейді. Кейбір өңір билігі тек смартфонды шектеу жөнінде ұсынымдар ғана шығарған. Ал басқа өңірлерде сабақ кезінде қолдануға тыйым салынғанымен, үзіліс кезінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Бастауыш мектептерде смартфонға толық тыйым Германияның 16 федералдық жерінің төртеуінде енгізілген. Олар — Бавария, Саксония, Саар және Тюрингия. Ал Гессен мен Бременде телефон қолдануға тыйым жоғары сыныптарға да қатысты.
Айта кетелік елде Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек.