Сақтандыру омбудсманына сақтандыру ұйымдары мен олардың тұтынушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеу құқығы берілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған меморандумға сәйкес сақтандыру омбудсманына сақтандыру ұйымдары мен олардың тұтынушылары арасындағы қарым-қатнасты реттеу құқығы беріледі. Мәселен, тұтынушы сақтандыру компаниясынан төлем ала алмаған жағдайда сақтандыру омбудсманына шағымдана алады. Егер омбудсманның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгіне алады. «Меморандум тұтынушыларға сақтандыру компаниялары арасында дау-дамайды реттеу, даулы мәселелерді қарау үрдістерін жеңілдету мүмкіндігін береді», дейді Қазақстанның сақтандыру омбудсманы Виталий Веревкин. Оның айтуынша, бұған дейін тұтынушылар даулы мәселелер туындаған жағдайда сотқа жүгініп, заңгер жалдап шығынданып жататын. Ендігі уақытта олар өз наразылықтарын тегін түрде омбудсманға білдіре алады.
Аталған меморандумға қазақстандық 15 сақтандыру компаниясы қол қойды. «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Талғат Үсеновтің айтуынша, бұл меморандум сақтандыру мәдениетін көтеруге жасалған қадамның бірі болмақ.