Сақташ Хасенов ісі бойынша тергеу аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновтің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.  
None
None

Бұл туралы бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен селекорлық режімдегі кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ветеринарлық бақылау және қадағалау  комитеті төрағасына қатысты қылмыстық іс қоғамдық резонанс  тудырды. Сөз құс етін Қазақстан аумағына кедергісіз жеткізу және тасымалдауға рұқсат беру бойынша қылмыстық сызба ұйымдастыру фактісі жайында болып отыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр», - деді Алик Шпекбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған. Комитет төрағасы бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған. Хасенов те, Решетько да кінәларын толық мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар