Сальвадор тұрғыны басына қадалған пышақтың жүзімен 18 жыл өмір сүрді

Науқас бас сүйегіндегі осы затпен 18 жылға жуық өмір сүрген екен.
Ресей жаңалықтар агенттігінің жазуынша, 1995 жылы аталған азамат етікші болып жұмыс істеп жүргенінде оған токсикоман-қылмыскерлер шабуыл жасаған, яғни токсикомандар етікшінің пайдаланатын желімін тартып алмаққа әрекеттенді. Төбелес кезінде етікші басынан пышақ жарақытын алады. Алайда, 2007 жылға дейін пышақ жүзінің бір бөлігі басында қалып қойғанын білмеген екен.
Бастан пышақты алу үшін жасалған ота 7 сағатқа жалғасты. Қазіргі кезде ол есін жиып, емін-еркін сөйлесуге қауқарлы.
Ота жасаған дәрігерлер етікшіге 1995 жылы көмек көрсеткен әріптестерін сын тезіне алды. Өйткені, сол кезде дәрігерлер оның басында пышықтың жүзі қалып қойғанын ескертпеген. 2007 жылы аталған азаматтың басы қатты ауыра берген соң, ол қосымша тексеруден өткен. Нәтижесінде бас сүйегінде бөгде зат бар екендігі анықталды.