14:28, 06 Қараша 2017 | GMT +5
Саламат Мұқашевтың домбырасы Атырау музейіне берілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда аты аңызға айналған қоғам және мемлекет қайраткері Саламат Мұқашевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өткізілді. Оған Саламат Мұқашевтың жақындары, туғаны-туыстары мен қатарлас достары қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеш қонақтары алдында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев сөз алып, Саламат Мұқашевтың Атырау облысының, жалпы Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Ол сондай-ақ, қоғамның аға буын өкілдері бастап кеткен игі істерін жалғастыруға тырысуы керектігін айтып өтті. Қоғам және мемлекет қайраткері Равиль Чердобаев, Мадина Ғабдусәлімова, жұбайы Мәрия Сәлімгерейқызы Саламат Мұқашев жайлы естеліктерімен бөлісті.
Саламат Мұқашев 1927 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы кеңесі Кеңес одағының 8-11 шақырылымының депутаты болған. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың есімі Атырау политехникалық колледжіне берілді.