«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысына келді

медпоезд
Фото: ptrk.kz

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды Кazinform.

2023 жылдың 18 қазанында «Саламатты Қазақстан» медпойызы Қызылорда облысына келді. Ол 3 қарашаға дейін 9 стансада тұрғындарды қабылдайды.

Мәселен, облыстың бірінші станциясы — Сексеуіл (18-21 қазан) болады.

Одан әрі Сапақ (21-22 қазан), Шөміш (22-23 қазан), Белкөл (24-26 қазан), Тартоғай (26-27 қазан), Бәйгеқұм (27-29 қазан), Ақмая (29-31 қазан), Екпінді (31 қазан — 2 қараша) және Аққұм (2-3 қараша) стансалары мен разьездерінде халыққа қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын биылғы сәуір айында бастаған. Белкөл содан бері олар аялдаған 100-ші станса болады.

Еске салсақ, «Саламатты Қазақстан» медпойызы әлеуметтік жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асырып отыр.

Қызылорда облысынан кейін медицина пойызы Түркістан (3-19 қараша) және Жамбыл (20 қараша-5 желтоқсан) облыстарының әрбірінде сегіз стансада тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Ал 6 желтоқсанда «Саламатты Қазақстан» пойызы өз жұмысын аяқтайды.

Еске салсақ, мұның алдында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысына сапарын аяқтаған еді. 

Соңғы жаңалықтар