«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысының Үстірт станциясына барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта іске асып жатыр.
«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының басты ақпараттық серіктесі ҚР Президентінің телерадиокешені.
Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауының арқасында алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, шалғай аймақтардың тұрғындары тегін медиативті және заңгерлік көмек ала алады.
Үстірт станциясына медициналық пойыз 22 тамызда сағат 21: 50-де барады. Пойыз екі күні болып 24 тамызда сағат 20:50-де кетеді.
Жобаның соңына дейін (2023 жылғы 6 желтоқсан) поезбен жүріп өткен жол халықтың жоғары білікті медициналық, медиативтік және әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмайтын елдің ең шалғай станциялары бойынша шамамен 18 000 шақырымды құрайды.
Медициналық пойыздың бағыты медицина бөлімдері жоқ өңірлерді қамтиды. Биыл шалғайдағы станциялардың оқушылары білікті мамандардың яғни терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр тағы сол сияқты дәрігерлердің тегін тексеруінен өтіп, емделу мүмкіндігін алды. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.
26 сәуір мен 17 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ШҚО, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 станциясының тұрғындарына кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативтік көмек көрсетті.
Бұған дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 26 сәуірде Алматы-2 станциясынан басталған және 6 желтоқсанына дейін елді аралайтын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының кестесін бекітті.
Медициналық пойыздың қазіргі қозғалыс кестесі шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалған.