«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 445 миллиард 670 миллион теңге жұмсалады - Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев

СТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 445 миллиард 670 миллион теңге жұмсалады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде аталған бағдарлама бекітілгеннен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті.

Министрдің атап өтуінше, жаңа бағдарлама аясында ең бірінші елді мекендерге дәрігерлерді, әсіресе жас мамандарды тарту мәселесі көзделген. Бұл шара екі тәсілмен жүргізілмек. Біріншісі, жылжымалы көлік арқылы. Қазіргі уақытта бұл тәсіл іске қосылып, алғашқы медициналық пойыз өз қызметін бастап та кеткен болатын. Таяу арада дәл осындай тағы екі пойыз іске қосылады. Сонымен қатар автөкөлік арқылы да медициналық көмек көрсету ұйымдастырылып, құрамында ауылдық жерлерде жетіспейтін жеті маман бар көліктер жолға шығады. Екінші тәсіл бойынша жоғары оқу орнын бітірген жас маман ауылға баратын болса, онда оған әлеуметтік топтама тағайындалады. Оған сәйкес ауылға барып қызмет жасайтын жас мамандарға үй алуға қол ұшы беріліп, қаржыдай да көмек көрсетіледі.

Бағдарламаға сәйкес еліміздегі медициналық, санитарлық көмек көрсету мәселесі шешілетіндігін айтқан министр «емханаларда отбасылық-медициналық, яғни алғашқы медициналық көмек көрсететін бөлімшелер ашылады. Оның құрамында психологиялық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер болады. Демек, олар халыққа тек медициналық көмек ғана емес сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді», деді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта емханаларға қаражат әр адамға бөлінетін болса, келесі жылдан бастап жақсы нәтижелерге қол жеткізген мекемелерге қосымша қаражат берілмек.

Соңғы жаңалықтар