22:06, 08 Тамыз 2023 | GMT +5
«Саламатты Қазақстан» пойызының Ұлытау облысы бойынша бағыты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысындағы жұмысын аяқтайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысының «Разъезд 69 км» станциясында тұрғындарды қабылдайды. Айта кетейік, бұл облыстағы соңғы станция, одан әрі пойыз Ұлытау облысы бойынша өзінің жұмыс сапарын жалғастырады», - делінген компания мәліметінде.
Медициналық пойыздың Ұлытау облысы бойынша маршруты:
- Теректі станциясы – келуі 8 тамыз, сағат 08:57;
- Қарсақбай станциясы – келуі 10 тамыз, сағат 01:08;
- Байқоңыр станциясы – келуі 11 тамыз, сағат 22:57;
- Қоскөл станциясы – келуі 13 тамыз, сағат 23:58.
«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік пойызы қызметін 2023 жылғы 6 желтоқсанда аяқтайды. Пойыз ең шалғай станцияларға тоқтап, халыққа көмек көрсетіп келеді.