Сәлімжан Нақпаев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып қайта тағайындалды

АТЫРАУ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың өкімімен өңір басшысының орынбасары болып Сәлімжан Нақпаев тағайындалды.
None
None

С.Нақпаев 2003 жылдан бері Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Жылыой ауданының әкімі лауазымдарында болды. 2006-2009 жылдар аралығында Атырау қаласының әкімі, ал 2009-2010 жылдар аралығында облыс әкімінің орынбасары болды. 2012 жылдың сәуірінде «Өзінше билік ету» сирек кездесетін бап бойынша сотталды. Ол беріп жіберген ақшаны Астанаға дейін толық көлемде жеткізбегені үшін полиция қызметкеріне күш қолданды деп айыпталды. Облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің отставкасынан кейін С.Нақпаевтың ісі қайта қаралып, ол босатылды. Хабарланғандай, әртүрлі инстанцияларға облыста бюджеттік қаражаттардың ұрлануына қатысты былықтарды бүге-шігесіне дейін жайып салған дәл осы Нақпаев болды. Қазіргі уақытта қаржы полициясы облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің командасымен 42 млрд.теңгеден астам соманы жымқыру фактісі бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғады.

Соңғы жаңалықтар