Салық көлемі ұлғайып келеді - Д.Ерғожин

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталған қаржыға қоса қазір сот шешімінен соң мемлекет қоржынына түсетін 12 миллиард теңге бар. Сондай-ақ тағы 28 миллиард теңге уақыты жеткенде түседі. «Жалпы алғанда салық бойынша тәркіленген қаржы көлемі жарты жылда 2 пайызға артқан. Бұл әкімшілендіру шараларының жетілгендігін және тексеру жұмыстарының сапасының артқандығын көрсетеді. Бұл бағыт бойынша бізде өткен жылы біршама кері кетушілік болды. Өйткені салық төлеушілер көптеген шешімдерге наразылықтарын білдірді.
Ал биыл бұндай әрекеттер байқалмайды. Сонымен қатар әкімшілік айыппұлдарды салу көлемі өткен жылы 2,5 пайызға азайды. Бұл салық органдары тарапынан салық салушыларға қатысты қандай да бір қатаң шаралардың қолданбағандығын көрсетеді. Біз оларға өздерінің міндеттерін өз еріктерімен реттеуге мүмкіндік бердік. Қорыта айтқанда соңғы 6 айда біз белгілеген жоспарды орындадық. Тіпті 8 пайызға асыра орындадық. Ал жылдық жоспарды біз биылғы жылдың 9 айында-ақ болжай бастаймыз», деді Комитет төрағасы.
Оның айтуынша, салық органдары еліміздегі барлық салалардың салық төлеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізуде.
Оған сәйкес, қазір елімізде салық төлеу көлемі ұлғайып отыр. Яғни біздің экономикамыз белгілі бір қиындықтардың немесе дағдарыстың шырмауында қалып отырған жоқ. Ол үздіксіз өсіп, даму үстінде. «Сондықтан біздің алдағы уақытта салық төлеушілердің жағдайларын оңалтуға бағытталған шаралар кәсіпкерлерге көп мүмкіндіктер жасап, оларды жаңа белестерді бағындыруға жетелейді», деді Д.Ерғожин.