Салық органдары алатын пара көлемі бірнеше миллион теңгеге жетеді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы қаржы полициясы еліміздің салық органдарында орын алған 90-нан астам жемқорлық қылмысты анықтады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында аталған ведомство басшысының орынбасары Талғат Татубаев мәлім етті.

«2012 жылы Қаржы полициясы салық органдарындағы 90-нан астам жемқорлық қылмысты әшкереледі. Салық саласында барынша кең тараған қылмыс түрі жекелеген жайттарда жүйелі, тіпті ұйымдасқан сипатқа ие болған парақорлық болып отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, салықшылар көп жағдайда отандық кәсіпкерлерге теперіш көрсетіп отыр. Бұл бірінші кезекте салықшылардың бақылаушылық қызметіне байланысты орын алуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, салық органдары тексеру жүргізу, шектеу қою және әкімшілік жауапкершілікке тарту сынды құзіретке ие.

«Қаржы полициясы органдарының тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген жайттарда пара сомасы бірнеше мыңнан бірнеше миллион теңгеге дейін жетеді», - деді Т.Татубаев.

Агенттік басшысының орынбасары алға тартқан деректерге қарағанда, мәселен, өткен жылдың қазан айында Астана қаласының Сарыарқа аудандық салық басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы мен аталған басқарманың бас маманы қолға түскен. Олар Ирида-LTD» ЖШС-нің директорынан 5,2 млн. теңге пара алмақ болған. Сондай-ақ ОҚО Абай аудандық салық басқармасының бас маманы да 25 мың АҚШ долларын аламын деп тұтылған.

Соңғы жаңалықтар