Салық салу көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында алда тұр

None
None
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Салық салу көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында алда тұр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің «Салық салу» көрсеткіші бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 52-ші орынға тұғырланған. Өткен жылмен салыстырғанда елміздің ұстанымы 9 пунктіге жақсарған. «Бұл көрсеткіш ТМД елдерінің арасында ең жоғарғы орын»,-деді ол.

«Атап айтқанда, рейтингтің және сауалнаманың оң көрсеткіштері жаңа салық кодексін жүзеге асырумен байланысты. Алайда біз бұл саладағы процедураларды одан әрі оңтайландыратын боламыз. Яғни, салық төлеген кезде дамыған елдердегі секілді барлығы айқын әрі түсінікті болуы тиіс», - деді комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар