Салық төлеушілер 15 қыркүйекке дейін бақылау-касса машинасының бағдарламасын жаңартуы қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартуы қажет. Егер олай етпесе, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
None
None

2022 жылы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған байланысты, «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық кәсіпкерлерге 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.

15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді. Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз.

Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді.

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.


Соңғы жаңалықтар