15:03, 01 Маусым 2013 | GMT +5
Самара облысында аударылған қазақстандық автобус Сарыағаштан шыққан болуы мүмкін
ШЫМКЕНТ. 1 маусым. ҚазАқпарат - ОҚО Жол полициясы басқармасының штаб инспекторы Луиза Газиеваның мәліметтері бойынша, аударылып қалған автобус Сарыағаш ауданы тұрғынының атына тіркелген.

Рульде оның өзі болған-болмағаны әзірге белгісіз.
Жол полицейлерінің мәліметтері бойынша, ер адам автобусты 2011 жылдың қаңтар айында сатып алған. Бірақ ОҚО Шымкент-Мәскеу бағдары бойынша ресми рұқсат етілген рейстер жоқ, автобус иесі қажетті тіркеу рәсімінен өтпеген. Автобус біржолғы сапарға шығып жүрген болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда да оның иесі тіркелуі тиіс еді. Оңтүстік Қазақстан Жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы А.Шалабаевтың сөзіне қарағанда, бағдар иесінде борт журналы болуы керек болған.
Аударылған автобуста 85 адам болғанын еске саламыз. 21 жолаушы жарақат алды, қаза тапқандар жоқ.