Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

жол апаты
Фото: Kazinform

Бүгін, 25 желтоқсан сағат 11:00 шамасында М-32 «РФ шекарасы-Шымкент» автожолының 987 шақырымында жол көлік оқиғасы болған. 

Ақтөбе облысының Ырғыз елдімекенінен Қарабұтақ ауылына келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігі басып басып озу кезінде қарама-қарсы бағытқа шығып, Merсedes жүк көлігімен соқтығысты.

Салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алған.

«Бүкіл қажетті іс-шараларды өткізу мақсатында автокөліктерге жол қызметі күшімен ұйымдастырылған уақытша айналма жол ашылды» деп хабарлады компаниядан.