22:26, 20 Қаңтар 2020 | GMT +5
Самара-Шымкент трассасының бойындағы жол бөлігінде қозғалыс шектелді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының «Самара-Шымкент» трассасының бойындағы жол бөлігі кешкі сағат 19:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына байланысты жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«20-шы қаңтар сағат 19:00-ден бастап ауа райының бұзылуына, яғни көктайғақ болып, борандатуына байланысты Самара-Шымкент жолының Белогорка ауылы мен Хромтау қаласына дейінгі аралығы барлық көлік түрлері үшін жабық»,-деп хабарлады Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бапасөз қызметінің өкілі.
Самал Ендібаева