Самарқанда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

 Самарқанда 25-30 желтоқсан аралығында блиц пен рапидтен әлем чемпионаты өтеді. Kazinform бұл туралы УзА-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Самарқанда шахматтан әлем чемпионаты басталады
Фото: УзА

Осы бағыттағы алғашқы әлем чемпионаты 2017 жылғы 25-31 желтоқсанда Эр-Рияд қаласында, ал V әлем чемпионаты 2022 жылғы 25-31 желтоқсанда Алматыда өткен болатын.

Самарқанда өтетін VI әлем чемпионатының жүлде қоры – миллион доллар. Оған Магнус Карлсен, Даниил Дубов, Нодирбек Абдусаттаров, Гукеш Доммараджу, Винсент Каймер, Шахрияр Мамедяров, Ян-Кшиштов Дуда, Ю Яньи, Максим Вашье-Лаграв, Левон Аронян сияқты танымал гроссмейстерлер қатысады деп жоспарланған.

Чемпионаттың ашылу рәсімі 25 желтоқсанда басталады.

Соңғы жаңалықтар